18.11.2013
«Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренинг
Астана қ., 12-14 қараша 2013 жыл.
Тақырыбы: «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері»
Мақсаты: Қазақ тілін ересек тұрғындарға оқытуда, тілді меңгеру деңгейін бағалауда заманауи әдістемелер тәжірибелерін пайдалану үшін халықаралық озық үлгілер мазмұнымен танысу арқылы қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлерге, оқытушыларға, ҚАЗТЕСТ сарапшыларына әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- Тіл меңгерудің халықаралық тәжірибелерін зерделеу.
- TÖMER тәжірибесін зерделеу.
- Тіл меңгерудегі негізгі ерекшеліктер.
- Тіл оқыту үдерісіндегі озық әдістемелерді зерттеу.
- Тіл білімін бағалау тәсілдерін зерделеу.
- Түрік тілін оқыту, практика, зерттеу тәжірибелерін зерделеу.
- Тілдік білімді бағалау бойынша ерекшеліктерді зерттеу.