Құрметті тестіленушілер!
2024 жылдың 4 мамыр күні сағат 9:00-де Астана қаласында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу В1 (Орта) деңгейіне қосымша тестілеу күні ашылды.
Тестілеуге қатысу үшін өтінімді «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.
Тестілеуге қатысу үшін өтінімді төмендегі сілтемеде ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы қалдырсаңыз болады.
Астана қ. – Өтінім қабылдау аяқталды
Тестілеу күні: 04.05.2024 ж.
Уақыты: 09:00
Деңгей: В1 – Орта
Өткізу орны: Астана қ., Родниковая к-сі, 1/1, 12-қабат
Онлайн төлем – cabinet.testcenter.kz
Онлайн төлем жасау нұсқаулығы – Бейнеролик
Тестілеуге 10-15 минут ертерек келуіңіз қажет және өзіңізбен бірге жеке куәлік (түпнұсқасы), төлем туралы түбіртек, қара немесе көк түсті қаламсабыңыз болуы қажет.
QAZTEST нәтижелерін app.testcenter.kz сайтынан көруге болады.
app.testcenter.kz сайтында авторизациялау нұсқаулығы – PDF
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz