Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі ҰТО) 1992 жылы құрылған.
Ұлттық тестілеу орталығының миссиясы - Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі аясында өткізілетін шараларды ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыз ету.
ҰТО қызметінің басты мақсаты Қазақстанның білім беру жүйесіндегі сырттай тапсырылатын емтихандар мен мониторингтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар оларға тест тапсырмалары базасын қалыптастыру болып табылады. Негізгі іс-шаралар қатарына:
- Ұлттық бірыңғай тестілеу,
- Кешенді тестілеу,
- Жоғары және орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау,
- Мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымдарында білім алушыларды кешенді тестілеу,
- Педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу,
- Магистратура және докторантураға шет тілдерінен түсу емтихандары,
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жатады.
ҰТО қызметінің басты бағытының бірі жоғарыда аталған іс-шаралар үшін тест тапсырмалары базасын қалыптастыруды ұйымдастыру болып табылады. Тапсырмалар базасын қалыптастыру барысында тестті шығарудағы міндетті өту кезеңдері туралы талаптар сақталады:
1. Әзірлемешілер мен сарапшыларды оқыту;
2. Тест спецификацияларын бекіту;
3. Тест тапсырмаларын әзірлеу;
4. Тест тапсырмаларын сараптамадан өткізу;
5. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу;
6. Тест тапсырмаларын базаға енгізу.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz