Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ


1. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ (A1)

Қарапайым деңгейде тіл қолданушы қатысым барысында күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік салаларға байланысты шағын диалогтерге қатыса алады.

Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің базалық деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Тіл қолданушы:

- баяу, анық айтылған ақпаратты түсінеді;

- қарапайым деңгей үшін белгіленген шағын мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді;

- қарапайым деңгей үшін ұсынылатын құжаттарды үлгі бойынша толтырып, осы деңгейдің мазмұнына сәйкес жазба жұмыстарын (шағын эссе, бақылау үшін жазба жұмыстары) орындай алады;

- ақпарат алу/беру сұхбатына, сұрақ-жауапқа қатыса алады.

Қарапайым деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 800 тілдік бірлікті құрайды.

Қазақ тілін қарапайым деңгей (А1) көлемінде меңгерудің сипаттамасы сөйлеу әрекеттері



2.ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ (A2)

Базалық деңгейде тіл үйренуші (бұдан әрі – Тіл үйренуші) күнделікті- тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік және кәсіби салаларға қатысты жағдаяттардағы диалогтерге қатыса алады.

Аталған салаларда коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу (түсіну, жауап қайтару, пікір білдіру) үшін осы деңгейге арналған тілдік құралдарды толық пайдалануы қажет.

Қазақ тілін базалық деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің орта деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Тіл үйренуші:

- анық айтылған ақпаратты түсінеді, сұрақ-жауапқа қатыса алады;

- базалық деңгей үшін белгіленген мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді;

- күнделікті қарым-қатынаста және кәсіби салаларда жиі кездесетін сөйлеу жағдаяттарына қатысып, нақтылаушы сұрақтар қояды;

- базалық деңгейге арналған грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, осы деңгейге сәйкес сұхбатқа қатыса алады;

- базалық деңгей үшін ұсынылатын құжаттарды үлгі бойынша толтырып, жазба жұмыстарын (логикалық ой аяқталған қысқа мәтінді құрастыру, шағын эссе, бақылау үшін жазба жұмыстарын) орындай алады.

Базалық деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 1600-1800 тілдік бірлікті құрайды.

Қазақ тілін базалық деңгей (А2) көлемінде меңгерудің сипаттамасы сөйлеу әрекеттері



3. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ОРТА ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ (B1)

Орта деңгейде тіл үйренуші күнделікті тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік және кәсіби салалар бойынша жағдаяттардағы коммуникативтік қарым-қатынастарға араласа алатын білік-дағдысын одан әрі дамыта отырып, ресми, кәсіби салаларда өзінің нақты қажеттіліктерін орындай алуы қажет.

Ресми, кәсіби салаларда коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу (түсіну, түсіндіру, жауап қайтару, пікір білдіру, ақпаратты жеткізу, ойды логикалық түрде аяқтай алу) үшін осы деңгейге арналған тілдік құралдарды, тыңдаушыға ықпал ету құралдарын толық пайдалануы қажет.

Қазақ тілін орта деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің ортадан жоғары деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Осы деңгейде тіл үйренушінің әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, ресми және кәсіби салалар бойынша қатысым жағдаяттарына тілді үйренудің орта деңгейіне сәйкес коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасады.

Тіл үйренуші:

- есту, көру, тыңдау, (оның ішінде массмедиа) арқылы алынған ақпаратты түсінеді және осы ақпаратты логикалық ойды аяқтап жеткізеді, осы ақпараттың мазмұны бойынша сұрақ-жауапқа қатысады, пікір алмасады;

- орта деңгей үшін белгіленген мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді және оны талдай алады;

- күнделікті немесе кәсіби бағдарлы мазмұндағы бейімделген және нақты мәліметі бар, шағын көлемді түпнұсқа мәтіндерді түсінеді және талдай алады;

- орта деңгейге арналған грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, осы деңгейге сәйкес сұхбатқа қатысады;

- орта деңгейге сәйкес құжаттарды толтырып, орта деңгейге сай жазба жұмыстарын орындай алады.

Орта деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 2 200-2 500 тілдік бірлікті құрайды.

Қазақ тілін орта деңгей (В1) көлемінде меңгерудің сипаттамасы сөйлеу әрекеттері



4. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ОРТАДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ (B2)

Ортадан жоғары деңгейде тіл үйренуші (бұдан әрі – Тіл үйренуші) күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби салаларға қатысты жағдаяттарда коммуникативтік қарым-қатынастарға белгілі бір дәрежеде еркін араласып, өз қажеттіліктерін орындай алуы қажет.

Аталған салаларда коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу (түсіну, түсіндіру, жауап қайтару, пікір білдіру, ақпаратты жеткізу, ойды логикалық түрде аяқтай алу, ақпаратты толықтыру, бағалау, талдау, қорытындылау) үшін осы деңгейге арналған лексикалық-грамматикалық тілдік бірліктерді ішінара толық және стильдік жағынан сауатты пайдалануы қажет.

Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің жоғары деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Осы деңгейде Тіл үйренушінің күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби салалар бойынша қатысым жағдаяттарында тілді үйренудің ортадан жоғары деңгейіне сәйкес коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.

Тіл үйренуші:

- есту, көру, тыңдау арқылы алынған ақпаратты түсінеді, түсіндіреді; ақпаратты жеткізеді, бағалайды, талдайды және толықтырып, қорытады; логикалық ойды аяқтап жеткізеді; сұрақ-жауапқа қатысады, пікір алмасады;

- ортадан жоғары деңгей үшін белгіленген мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді және мазмұнын толық баяндайды; күнделікті, қоғамдық-әлеуметтік және кәсіби бағдарлы нақты мәліметі бар, мамандыққа, кәсіпке қатысты терминдер мен терминдік сөз орамдары қолданылған мәтіндерді оқып түсінеді, өз мамандығына қажетті ақпараттарды іздеп таба алады, мәтіндегі мәселені анықтай алады; өз кәсіби саласында өзекті мәселелерді түсіндіріп, сипаттайды, оның шешу жолдары туралы пікірін анық, жүйелі түрде жеткізе алады;

- ортадан жоғары деңгейге арналған тақырыптар бойынша мамандыққа қатысты терминдер мен терминдік тіркестерді қолдана отырып, ресми-іскери мәтіндерді құрастырады;

- ортадан жоғары деңгейге арналған грамматикалық формаларды, лексикалық тілдік бірліктерді сауатты қолданып, стильдік ерекшеліктерді сақтап, осы деңгейге сәйкес сұхбатқа қатысады;

- ортадан жоғары деңгейге сәйкес іріктелген ресми құжаттардың мазмұнын түсінеді, баяндайды; ортадан жоғары деңгейге сай жазба жұмыстарын орындай алады.

Ортадан жоғары деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 3000-4000 бірлікті құрайды.

Қазақ тілін ортадан жоғары (В2) деңгей көлемінде меңгерудің сипаттамасы сөйлеу әрекеттері



5. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ CИПАТТАМАСЫ (C1)

Жоғары деңгейде тіл қолданушы қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарының барлық салаларына (әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және ғылыми, мәдени, кәсіби) қатысты сөйлеу жағдаяттарында сөйлеу актілеріне түсуге алдын ала дайындықсыз еркін араласады.

Аталған салаларда сөйлеу актісіне түсу (түсіну, түсіндіру, жауап қайтару, пікір білдіру, ақпаратты жеткізу, ойды логикалық түрде аяқтай алу, ақпаратты толықтыру, бағалау, талдау, қорытындылау, өз ойын дәлелдеу, шешу жолдарын ұсыну) барысында тіл қолданушы қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық-грамматикалық тілдік бірліктерін орынды қолданып, мағыналық байланысы бар біршама көлемді мәтіндерді түзе алады.

Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып үйренудің жетік деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Осы деңгейде тіл қолданушы әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскери және кәсіби салалары бойынша қатысым жағдаяттарына қатысуға мүмкіндік беретін тілді үйренудің жоғары деңгейіне сәйкес коммуникативтік құзыреттілікке ие болады.

Тіл үйренуші:

- есту, көру, тыңдау, оқу арқылы алынған ақпаратты толық түсінеді, түсіндіреді, ақпаратты жеткізеді, баға береді, талдайды және толықтырып, қорытынды жасайды, логикалық тұрғыдан толық аяқталған біршама күрделі ойды жеткізе алады, әртүрлі тақырыптағы пікірсайысқа қатысып, ойын дәлелдей алады;

- массмедиа арқылы берілген ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды тыңдап түсінеді, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын контекст арқылы анықтайды, көзқарастар қайшылығын анықтайды, пікірдің дәлелденуіне баға береді, өз ұстанымын аргументтер (түсіндіру, негіздеу, айғақ, мысалдар, фактілер) келтіру арқылы ұсынады;

- өз кәсіби саласына байланысты маңызды тақырыптар бойынша ақпарат, мәліметтер жинайды, олардағы мәселенің берілуіне талдау жасайды, топтастырады, таңдалған тақырыптың негізгі аспектілеріне сипаттама береді, түсіндіреді, шешу жолдарын ұсынады;

- көпшілік алдында хабарлама жасай алады;

- жоғары деңгейге арналған лексикалық тілдік бірліктерді, грамматикалық формаларды сауатты қолданып, стильдік ерекшеліктерді сақтап, осы деңгейге сәйкес еркін сұхбаттаса алады;

- жоғары деңгейге сәйкес ресми құжаттардың мазмұнын түсінеді, баяндайды, жоғары деңгейге сай жазба жұмыстарын орындай алады.

Жоғары деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 5000 бірлікті құрайды.

Қазақ тілін жоғары деңгейде (С1) меңгерудің сипаттамасы сөйлеу әрекеттері



Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх